Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27

Құрметті пациенттер

Қарағанды қаласының №1 емханасында Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі» Кодексінің 58 бабына сәйкес Ішкі бақылау және емделушілерді қолдау қызметі құрылды.

Емделушілерді қолдау қызметінің басты мақсаты: медициналық көмек көрсету сапалығын арттыру және қиындық туғызатын мәселелердің шешімін табу.

Егер де Сізді емханада көрсетілген медициналық көмектің сапасы қанағаттандырмаса, көңіліңізден шықпаса, медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынас болса, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету үрдісі мен сапалығына байланысты қандай да бір қиыншылыққа тап болсаңыз, онда емхананың Ішкі бақылау және емделушілерді қолдау қызметіне көмекке жүгінуіңізге болады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты жазбаша өтінішіңізді өзіңіздің атыңызды, тегіңіз бен байланыс телефондарыңызды көрсетумен (телефон, тұрғылықты мекен-жайы), емхананың әрбір қабатында және шыға берісінде орналасқан жәшіктерге, сондай-ақ емхананың, Крылов көшесі, 44 мекен-жайындағы күндізгі стационарда орналастырылған сенім жәшіктеріне қалдыруыңызға болады немесе біздің www.poliklinika1krg.kz сайтымыздағы «Басшының блогына» өтініш білдіруіңізге болады.

Емделушілерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарап, Сіздің өтінішіңізді қорытындылап, 5 күнтізбелік күннің ішінде жауап береді.

Емделушілерді қолдау қызметіне емделушілердің өздері немесе олардың туған-туыстары жүгіне алады.

Емделушілерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін Сіздің әрбір өтінішіңіз, пікірлеріңіз бен талап-тілектеріңіз БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Құрметпен,
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі 

  • Басшы блогы

    Сұрақтарыңызды «Басшыға сұрақ қою» парағында қоюыңызға болады. Сіздердің сауалдарыңызға, шағымдарыңыз бен пікірлеріңізге емхана директоры Разиева Роза Сабитоллаевна жауап береді
    Сұрақ қою
  • Ақылы қызмет бойынша бағалардың прейскуранты

    Баға тізімі Үкіметтің 30.12.2009 ж. №2299 қаулысына сәйкес ресімделген.
    Көру
  • Жұмыс кестесі

    • Дүйсенбі - жұма
      08:00 - 20:00
    • Сенбі
      09:00 - 15:00
    • Жексенбі (кезекші)
      09:00 - 15:00

Директордың орынбасары Ермакова Ольга Игнатьевна телефоны 8 (7212) 50-28-27, 8 (708) 4368037