Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27

Күндізгі стационар «Қарағанды қ. №1 емханасының» КМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше Қарағанды қ. Крылов көшесі, 44 мекен-жайында, бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан, жалпы ауданы 385,3 ш.м тұрады, сонымен қатар күндізгі стационардың Қарағанды қ., Ержанов көшесі, 4 мекен-жайында емханаға қарасты филиалы бар.

Күндізгі стационар 40 кереуеттік орынға шақталған, онда науқастарға терапевт дәрігерлер, гинеколог және невропатолог дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді. Емхананың күндізгі стационары стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету түріне жатады, онда тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін пациенттерге, сондай-ақ жатып емделетін стационардан шыққан науқастарға күніне төрт сағаттан, сегіз сағат ағымында емдік, профилактикалық, реабилитациялық, қайта қалпына келтіру, емдеуді одан әрі жалғастыру бойынша білікті және арнайы мамандандырылған көмектер көрсетіледі.

Күндізгі стационар жүрек қан тамырлары, эндокринологиялық, нервтік жүйелері ауруларымен, тыныс алу мүшелері мен асқазан-ішек жолдары, тіреу-қозғалу аппараттары, несеп-жыныс жолдары ауруларымен ауыратын сырқаттарды қабылдайды. Емделуге келерде әрбір пациент өзімен бірге учаскелік дәрігердің  немесе арнайы мамандындырылған көмек мамандарының (хирургтің, эндокринологтың, невропатологтың, гастроэнтеролог пен урологтың) жолдамаларын және зертханалық-функционалдық тексерулердің қорытындыларын ала келулері керек. Күндізгі стационар жағдайында медициналық және дәрімен қамту кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге күндізгі стационардың қызметін жетілдіру үшін «Қарағанды қ. №1 емханасының» КМК емдік, диагностикалық және басқа да құрылымдық бөлімшелері жұмылдырылады.

Күндізгі стационардың жұмыс кестесі

  • күн сайын сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін
  • сенбі күні сағ. 09.00 – 15.00 дейін
  • жексенбі — демалыс

Күндізгі стационардың қызметкерлері

  • Умирбаева Шолпан Сарсенгалиевна. – бөлім меңгерушісі, невропатолог дәрігер, жоғары санатты
  • Жунусбекова Раиса Еримхановна – бірінші санатты терапевт дәрігер
  • Софина Алтынай Жилкибаевна – бірінші санатты жалпы тәжірибелік дәрігер
  • Кырыкбаева Маржангуль Абиятовна – бөлімшенің аға медбикесі, бірінші санатты
  • Атамбаева Кунсулу Аманбаевна – жоғары санатты медбике
  • Рахманова Балзия Ибракимовна – медбике
  • Абдрасилова Шолпан – жоғары санатты медбике
  • Болатова Инкар Калымжан кызы – екінші санаттымедбике
  • Андамасова Жанна – бірінші санатты медбике