Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27

Арнайы мамандандырылған көмек бөлімшесі (АМКБ) Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы “Қарағанды қаласының №1 емханасының” КМК аты айтып тұрғандай, арнайы мамандандырылған көмек көрсететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшенің құрамы халыққа кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету (ККТМКК) шеңберінде диагностикалық кеңес беретін және амбулаторлық қабылдау жүргізетін 47 дәрігерден тұрады.

Бөлімшеде негізгі мамандықтар бойынша 12 жоғары санатты және 11 бірінші біліктілікті санатты дәрігерлер еңбек етеді.

    Неврологиялық кабинеттер

    Абайдильдина Айгуль Рахмановна  —  1 санатты невропатолог  дәрігер
    Рослякова Юлия  — медбике
    Савченко Дмитрий Игорьевич  —  невропатолог  дәрігер

    Денисенко Любовь Михайловна — жоғары санатты медбике
    Омарова Алтынай Мерхасиловна —  жоғары санатты балалар невропатолог дәрігері
    Урменова Жулдыз Куанышовна — екінші санатты медбике

    Невропатолог-дәрігерлер амбулаторлық емдеулер, оңалту (стационарлық, санаторлық-шипажайлық) емдерін, кәсіби тексерулер жүргізеді:

    • бас және жұлын-ми тамырларының аурулары;
    • ЦНС инфекциялық және паразитарлық аурулары;
    • ЦНС демиелинизирлік аурулары;
    • Экстрапирамидалық бұзылу;
    • Мишықтық атаксиялар;
    • қозғалушы нейрондардың бұзылуынан болатын дегенеративтік аурулар;
    • тұқым қуалайтын аурулар;
    • эпилепсия;
    • невроз және реактивтік бұзылулар;
    • вегетативтік-нервтік жүйелердің ауруы;
    • бастың ауруы;
    • бас және жұлын-мидың қатерлі ісіктері;
    • орталық және перифериялық нерв жүйелерінің жарақат алуы;
    • гидроцефалия және бас-сүйектік гипертензия;
    • Перифериялық нерв жүйесінің аурулары.

      № 401 Хирургиялық кабинет

      Чукуева Сауле Ергалиевна —  бірінші санатты ересектердің хирург дәрігері
      Абенова Айгерим  — медбике
      Садыков Марат Абдрашевич  — балалардың хирург дәрігері
      Гейн Анастасия — медбике

      Хирургия  кабинетінде төмендегідей хирургиялық  манипуляциялар жасалады:

      • Жұмсақ талшықтардағы бөгде денелерді алып тастау;
      • Жараны бастапқы хирургиялық  өңдеу;
      • Асқынған жараларға бастапқы хирургиялық  өңдеу жасау;
      • Күйіктерге және үсіктерге бастапқы хирургиялық  өңдеу жасау;
      • Іріңделген жаралардың шеттерін кесіп алып тастау;
      • Антисептикалық таңғыштармен  таңу;
      • Ойылған жараларды және трофикалық ойық жараларды хирургиялық  өңдеу;
      • Бекітетін (фиксациялық) таңғыштармен таңу;
      • Жараның аузын  тігу және косметикалық тігу;
      • Түрлі ауыр дәрежедегі жарақаттарды таңу;
      • Операциядан кейінгі тігістерді алып тастау;
      • Операциядан кейінгі беріштердің жағдайын тексеру;
      • Іріңнің қабыну ошағының көзін ашу;
      • Гематомаларды ашу және  дренирлеу;
      • Операциядан кейінгі пациенттерді қабылдау;
      • Дренаждық және стомалық күту;
      • Ауырсынған денелерді жергілікті емдеу, медикаментозды түрде қоршамдар  жасау;
      • Тырнақтың пластиналарын алып тастау;
      • Теріге біткен қатерсіз бітулерді және тері асты клетчаткаларды алып тастау.

      № 405, 406 отоларингология кабинеттері

      Ким Наталья Алексеевна  — жоғары санатты отоларинголог дәрігер
      Литвинова Елена Викторовна —  1 санатты отоларинголог дәрігер
      Винникова Анжелика Владимировна – 2 санатты медбике

      Отоларинголог кабинеттері қазіргі заманға сай жабдықтармен жарақталған.

      NEW MILLENNIUM GRAND  лор комбайны эндобейнескопияның көмегімен лор ағзалары ауруларын емдеу және диагностикалау үшін пайдаланылады.

      Лор комбайнда жасалатын диагностикалық және емдік манипуляциялар қолайлы жағдайларда жасалады.

      AD 229b  аудиометрі есту қабылетін жоғалтқан жағдайда диагностика жасау үшін қолданылады. Данияда жасап шығарылған.

      Лор кабинетінің манипуляциялары:

      • құлақтың құлығын тазалау;
      • лор ағзаларындағы бөгде денелерді алып тастау;
      • құлақтың сыртындағы сыздауықтарды жару;
      • турунда арқылы жасалатын мұрын қуыстарының     туалеті;
      • мұрынның алдыңғы жағының тампонадасы;
      • есту түтікшесін Полицер әдісі бойынша үрлеу;
      • құлақ дабылының пердесіне пневмомассаж жасау;
      • турунда жіберу арқылы жасалатын құлақтың туалеті;
      • гайморлық қуыстарды жуу;
      • мұрындық-көмейлік жолдардың артқы қабырғасына дәрі жағу;
      • таңдайдағы бадамша бездердің лакунасын жуу;
      • көмейдің ішкі жағына дәрі құю;
      • Лор ағзаларына арналған дәрілік заттарды инстилляциялау.

      № 402, 404 офтальмолог кабинеттері

      Жашкеева Кульшатай Мухажановна – жоғары санатты офтальмолог  дәрігер;
      Мади Айсулу  медбике
      Офтальмолог дәрігердің жұмыс орны автоматтық рефрактометриялауға, кез келген күрделіліктегі коррекцияларда көзілдірік таңдауға және автоматтық периметрия жасауға мүмкіндік беретін, қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған.

      2012 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша глаукомдық кабинетке арналған Ретиналдық  когоренттік томограф  сатылып алынды.

      Офтальмолог дәрігермен жасалатын манипуляциялардың түрлері:

      • офтальмоскопия;
      • тонометрия;
      • визометрия:
      • скиоскопия:
      • көздің көру қабылетін анықтау;
      • Шынысы  қарапайым көзілдірікті таңдау;
      • Көздің  қабығынан бөгде денелерді алып тастау;
      • Қабақтың терісінен  және қосалқы терілерінен тігістерді алу;
      • Қабақтағы  жараны  өңдеу;
      • Көзге  операция жасаған пациенттердің жағдайларын  байқауға  алу;
      • Көзге ем жасау, жуу, май жағу;
      • Қабаққа массаж жасау.

        № 508 Стоматология кабинеті

        Садвокасов Нурхан Анафияевич  — стоматолог – хирург
        Еремина Ирина Евгеньевна —
        медбике
        Кнашина Алмагуль Амантаевна  — бірінші санатты стоматолог – терапевт

        Стоматологиялық  кабинет қазіргі заман талабына сай тісті сапалы емдеуге  және диагностикалауға мүмкіндік беретін, қажетті медицициналық  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Стоматологиялық кабинеттегі білікті мамандар балаларға қызмет көрсетеді.

        Стоматолог мамандар төмендегідей бағытта қызмет көрсетеді:

        Терапия

        • қанқұртты емдеу;
        • пульпитті және периодонтитті емдеу;
        • ауыздың сілемейлі қабатын емдеу;
        • гингивиттерді емдеу:
        • ауыз қуысының жеке гигиенасына үйрету.

        Хирургия

        • кез-келген күрделіліктегі тістерді жұлып тастау;
        • шұғыл амбулаторлық шара қолдану;
        • тіс жару кезінде көмек көрсету.

          № 510 Урологиялық кабинеті

          Урологиялық кабинеттің мамандары ККТМКК шеңберінде халыққа бастапқы  медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, урологиялық ауруларға алдын ала диагноз қояды, шұғыл урологиялық патологиялармен қоса (бүйректің шаншуын тоқтату, несеп қуығынан несепті шығару), урологиялық аурулардың негізгі түрлеріне  диагностика жасау, сондай-ақ қуық жүйелерінің, жыныс мүшелерінің (ер адамдардың) ауруларымен ауыратын науқас жандарға шұғыл көмек көрсетеді.

          Урологиялық емдеу түрлері:

          • Қуықасты безін саусақпен тексеру;
          • Несеп қуығын катетерлеу;
          • Бүйректі пальпациялау;
          • Енқалтаны пальпациялау;
          • Қуық асты безінен сөл (секреция) алу;
          • Несеп қуығын жуу және катетерлеу;
          • Анабез шеменінің пункциясы;
          • Қуық каналдарын инстилляциялау;
          • Эпицистостомикалық  дренажды ауыстыру және жуу.

          № 509 Онкологиялық кабинеті

          Онкологиялық   кабинет ересектерге онкологиялық профиль бойынша   кеңес береді  және  арнайы мамандандырылған емдік-профилактикалық  тұрғыда көмек  көрсетеді.

          Онколог кабинетінің  емдік-диагностикалық жұмыстарының басты  бағыттары :

          • онко ауруларды ерте уақытта анықтау үшін атқарылатын профилактикалық шаралар;
          • скринингтік әдіспен онко ауруларды ерте уақытта анықтау;
          • Онкопатологияға күдікті жағдайда науқастар БМСКК мамандарының жолдамалары бойынша онкологқа жіберіледі, әрі қарай онколог маман тексереді және Онкологиялық диспансерге бағыттайды;
          • Онколог дәрігердің жұмыстарының Онкологиялық диспансермен сабақтас болуы.

          № 403 Гастроэнтеролог кабинеті

          Жанадилова Индира Куанышбековнабірінші санатты гастроэнтеролог дәрігер
          Гастроэнтеролог
          кабинетінің емдік-диагностикалық жұмыстарының басты бағыттары:

          • асқазан-ішек жолдарының ауруларынан болатын іш аурулары;
          • асқазан, ұлтабар, ұйқы безі ауруларының қабынуы салдарынан  қыжылдың, кекіріктің болуы;
          • ГЭРБ жағдайындағы дисфагия, одинофагия;
          • асқазан,  ұйқы безі, өт  шығару жолдары аурумен ілесетін жүрек айну, құсу белгілері;
          • порталдық гипертензияның  белгілері  (асциттер,ВРВП,гепатоспленомегалия, екінші реттегі коагулопатия).
          • Ішектің қабынуынан, ішектің қозуы белгілерінен және панкреатиттің асқынуы салдарынан үлкен дәреттің  бұзылуы (іштің қатуы, іштің өтуі). 

          № 417 Аллерголог кабинеті

          Терентьева Марина Ростановнабірінші санатты  аллерголог  дәрігер

          Аллерголог маманмен қаралатын аурулардың түрлері:

          • аллергологиялық ауруларды диагностикалау үшін инфекциялық емес аллергендермен, провокациондық тестілер арқылы тестілер жүргізу;
          • бронхоспастикалық белгілер болған жағдайда дұрыс емдеу үшін және емнің әсерін байқау үшін бронхолитикалық дәрі-дәрмектерді тағайындау алдында сыртқы демалу функциясын зерттеу;
          • гуморалдық (JgA, JgM, JgJ, JgE) және жасушаның иммунитетінің көрсеткіштерін анықтау;
          • спецификалық JgE-антиденесінің түрлі аллергендердің тобындағы деңгейін анықтау;
          • аллергенспецификалық иммунотерапия (АСИТ);
          • бастапқы және қайталану жағдайындағы  иммунның орнын басатын терапия;
          • аллергиялық және иммундық тапшылығы бар сырқаттарға спецификалық емес және симптомотикалық терапия жүргізу.

          № 503,600 Эндокринология кабинеттері

          Эндокринологияның емдік және диагностикалық  шараларының көлемі:

          • мамандардың жолдамаларымен келген пациенттерге кеңес беру;
          • созылмалы эндокринологиялық аурулармен ауыратын науқастардың динамикасын қадағалау және бақылап отыру;
          • түрлі патологиядағы гормондық жүйені анықтау және емдеу;
          • қалқанша бездің ауруларын емдеу;
          • көміртегінің және май алмасуының бұзылуы;
          • гипоталамо-гипофизарлық жүйенің патологиясы;
          • Бүйрек үсті безінің патологиясы;
          • фосфорлық-кальцийлік ауысымның бұзылуы, сондай-ақ жоғарғы қалқанша бездің аурулары.

          № 221 Жас жеткіншектердің кабинеті

          Жданова Ольга Григорьевна – бірінші санатты терапевт дәрігер

          Жас жеткіншектер кабинетінің негізгі міндеттері:

          • диспансерлеу, диспансерлік есепте тұрған пациенттерге емдік-сауықтыру шараларын жүргізу;
          • мамандардың кеңес берулерін ұйымдастыру;
          • әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақырылатын жасқа жеткен жеткіншектерді медициналық тексеруден өткізу;
          • жұмысқа, орта және жоғары оқу орындарына оқуға түсетін жеткіншектердің медициналық қорытындыларын және шипажай-курорттық карталары мен анықтамаларын пішімдеу.

          Эндоскопиялық кабинет

          Вороновская Елена Владимировна – бірінші санатты эндоскопист дәрігер
          Эндоскопиялық кабинет медициналық техникаларды шығаруда алдыңғы қатарда тұрған Olympus, Pentax сияқты өндірушілердің эндоскопиялық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Гастроскопиялық зерттеулерді жасау үшін бейне тірек пен фиброгастроскоп, ал колоноскопия жасау үшін фиброколоноскоп іске қосылған.

          Эндоскопиялық кабинет төмендегідей амбулаторлық тексерулерді қамтиды:

          • Эзофагодуоденогастроскопия;
          • Колоноскопия;
          • Helicobacterpylori анықтау үшін цитологиялық талдауларды жасауға сүртінділерді эндоскопиялық түрде алу;
          • Зақымдалған ошақ көздеріне эндоскопикалық түрде дәрі енгізу;
          • Ішектегі түймешіктерді (полиптерді) эндоскопиялық жолмен алып тастау
          • Өңештегі, асқазандағы бөгде денелерді алып тастау.

            № 310, 311, 312 УДЗ кабинеттері

            Бабунашвили Русудан Чичикоевна1 санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері
            Шабакбаева Шолпан Мукановна — ультрадыбыстық диагностика дәрігері
            Чоладзе Сопико Тенгизовна1 санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері
            Алексеева Елена Сергеевна  — жоғары санатты медбике

            УДЗ кабинетінде төмендегідей зерттеу түрлері жасалады:

            • ішперде ағзалары мен ішперде кеңістігі ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;
            • қалқанша безге және лимфатикалық түйінге ультрадыбыстық зерттеу жасау;
            • қуықасты безді ультрадыбыстық зерттеу;
            • енқалтаны ультрадыбыстық зерттеу;
            • сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу
            • жүректі ультрадыбыстық зерттеу;
            • кіші жамбасты ультрадыбыстық зерттеу;
            • нейросонографияны ультрадыбыстық зерттеу;
            • серпімді толқындардың көмегімен бауырдың фиброздық дәрежесін белгілеу.

              №103,202,203 Рентгенологиялық тексеру кабинеттері

              Рентген кабинетте жүргізілетін тексерулер: кеуде жасушалары ағзаларының рентгенографиясы, асқазан-ішек жолдарының рентгеноскопиясы, ішперде қуысының шолулық рентгенографиясы, ирригоскопия,  цистография, шолулық урография, сүйек-тамыр жүйелерінің экскреториясы, фистулографиясы мен рентгенографиясы.