АХО емханада 2012 жылы ашылды. Бұл – жоғары технологиялық емдеу әдістерін қолданумен пациенттерді ауруханаға жатқызбай-ақ, науқастың емдеу процестеріне дейін немесе одан кейін бірнеше сағат емделуіне мүмкіндік беретін, бір күндік стационарлық емдеуге шақталған, стационардың орнын басатын жаңа технологиямен жарақталған орталық.
Амбулаторлық хирургия орталығының ерекшеліктері:
- тез арада хирургиялық емдеу түрлерін көрсету;
- қысқа уақытта бірнеше пациентке қызмет көрсетуі, ауруханаға жатқызуды керек етпейтіндігі;
- ішкі ауруханалық инфекциялану қаупінің болмауы;
- пациент дәрігерге өз қалаған уақытында келуі;
- амбулаторлық көмек түрінің стационармен салыстырғанда құнының төмендігі.