Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27

Емдеуде ешбір дәрі-дәрмекті және химиялық препараттарды пайдаланбайтын әдістердің қандай-да бір түрі — физиотерапия. Физиотерапиялық емдеу әдісі пациенттің бүтіндей ағзасына физикалық түрде әсер етуге негізделген және оны аурудың ерте кезеңінде өз бетінше пайдалана беруге болатын қосымша емдеу әдісі.
Физиотерапевтік емдеудің арқасында адамның жалпы ағзасында қорғаушы функциялар оянады, лимфалық және қан айналымы жақсарады және иммунитеті жоғарылайды. Физиотерапияда көптеген табиғи және физикалық факторлар пайдаланылады: жылу, ультрадыбыс, электр тогы, инфрақызыл сәуле және магниттік өріс және т.б.
Физиотерапияның артықшылығы — жоғары деңгейдегі әдістердің тиімділігі мен қауіпсіздігі. Онымен қоса, ондай әдістер профилактикалық мақсаттарда да қолданылады

Біздің емханада жалпыға мәлім физиотерапевтік қызметтерден басқа, қазіргі заманға сай жаңа физиотерапевтік аппаратуралар бар, олар:

  • ВТЛ-5000, моделі 5818 комби аппараты (Ұлыбританияда және Чехияда өндірілген) — магниттік өрісті, лазерлік сәулені, ультрадыбыстық сәуле мен электрлік стимуляцияны бір уақытта генерациялау арқылы пациентке тиісті терапия жүргізуге мүмкіндік беретін қондырғы. Бұл тектес физиотерапия емдеудің тиімділігін арттырады. Патологиялық түрлеріне қарай 200-ге жуық терапевтік бағдарламалары бар.
  • ВТЛ — 4000 МАГНЕТ магнитотерапевттік аппаратыауыратын жерлерді, қабынуды емдеуде және регенерациялық процестерді жеделдетуде қалыпты терапевтік әсер беретін, импульстік және тұрақты магниттік өрістермен емдей алатын қуатты аппарат.
  • Жабдықтық электрлік терапия ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ, санаулы уақытта ауырған жерді басады және бұлшық еттерді ширатады.
  • Интерференцтерапиятерең орналасқан жұқа талшықтарды ширатуға және бұлшық еттерді бекітуге көмектеседі.
  • Қуаты аз лазердің (ВТЛ – 4110 модельді, қызыл лазер) терапевтік әсерлері ауруды басуға ықпал етеді және қабынуға қарсы, ісінуге қарсы тұрады, сондай-ақ биостимуляциялық, вазодилятциялық әсерлері бар. Патологиялық түрлеріне қарай 150-ге жуық терапевтік бағдарламалары бар.
  • Жоғары жиілікті диатермикалық терапияның(ВТЛ-6000 аппараты, моделі ВТЛ-20) қолдану аясы өте кең, әсіресе бұлшық ет жүйесінің, буындардың ревматикалық аурулары мен тыныс алу мүшелерінің қабынуына және бүйрек, несеп шығару жолдарының аурулары мен қан айналымының дұрыс болмауы салдарынан туындайтын барлық ауру түрлерін емдеу үшін қолданылады. Диатермия қан айналымын күшейте отырып, лимфоток арқылы ауырған жерлерді басады, қабынуға қарсы әрекет етеді және түйілуді (спазманы) басады, сонымен бірге жұқа талшықтардың алмасуын жақсартады.
  • Соқпалы – толқынды механотерапиясының (ВТЛ-6000 — Соқпалы – толқынды аппараты)медициналық тексерулеріне сүйенсек, аталмыш аппарат өкшедегі сүйелді, ахиллодения, шынтақтағы эпикодилит пен иық тендинитінің бицепсін емдеуде жақсы әсер етеді, сонымен бірге карпалдық синдром, аяқ-табан буынының остеоартрозы және миелостеноз сияқты ауруларды емдеуде пайдасы зор.
  • Омыртқаны операциялық шараларсыз емдеу үшін пайдаланылатын тракциондық кушеткадан тұратын ВТЛ-16 аппараты омыртқаны тартып-созу арқылы емдейді. Бұл — арқаның радикулярлық ауруларынан, протрузия және дискінің жарығынан туындайтын омыртқадағы түрлі ауруларды емдеуде және аурудың алдын-алуда пайдаланылатын жаңа әдіс. Тартып-созу әдісінің пайдасы өте көп, ол өзінің қысқа және ұзақ уақытта тартып-созу арқылы бұлшық еттің түйілуін бір қалыпқа келтіруімен, ауытқып кеткен омыртқаларды орнына келтіру және омыртқа діңгегінің белгілі бір жері қисайып кеткен жағдайында оларды түзетіп ұстап тұруымен ерекшеленеді.

Аталған аппаратта ем-дом алған пациенттер өздерінің бастапқы күйлеріне түседі, белсенділіктері артады және белгілі бір бағытта одан әрі емдеуді қажет етпейді.

Бөлімшеде пациенттер үшін барлық жағдай жасалған, емдеу шараларының барлығы ыңғайлы орындарда жүргізіледі.