Отбасы денсаулығы орталықтары (ОДО) емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Емханада 3 бөлімше бар, олар: Ипподром көшесі, 8 орналасқан №1 ОДО, №2 ОДО бөлімшелері мен Ержанов көшесі, 28/2 мекен-жайында орналасқан №3 ОДО.
Отбасы денсаулығы орталығы емханаға бекітіліп берілген тұрғындарға емдеулік, профилактикалық және диагностикалық қызмет көрсетеді, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жазу мен кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мен психологиялық және басқа да әлеуметтік арнайы қызметтерді жүзеге асырады.