Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27

«Қарағанды қаласының №1 емханасы» КМК

Қарағанды қаласының №1 емханасы 1952 жылы бой көтерген, қаланың ең байырғы емханаларының бірі болып табылады. Өзінің 60 жыл ғұмырында бірнеше қайтара қайта ұйымдастыру, қайта біріктіруден өтті, алдымен клиникалық аурухананың құрамына біріктіріліп, одан қайтадан бөлінді, артынша әйелдерге кеңес беру, балалар мен ересектер емханасы болып, соңынан отбасы денсаулығы амбулаториясы болып құрылды. Емхана соңғы рет 2004 жылы Қарағанды қалалық №1 Диагностикалық кеңес беру емханасы (Сәкен Сейфуллин даңғылы, 16) және «Медет» (Крылов көшесі, 44) және «Арман» (Крылов көшесі, 11) екі отбасы-дәрігерлік амбулаторияларын қосу арқылы қайта ұйымдастырудан өтті. 2010 жылы №3 отбасы денсаулығы орталығы негізіндегі құрылымдық бөлімшеден тұратын «Вита» отбасы-дәрігерлік амбулаториясы біріктірілді (Ержанов көшесі, 4).
2012 жылдың қаңтар айында емханаға Ипподром көшесі, 8 мекен-жайдағы 6 қабаттан тұратын жаңа ғимарат пайдалануға берілді..

Емханаға бекітілген тұрғындардың жалпы саны - 55035 адам.

Емхананың құрылымы үш бірдей отбасы денсаулығы орталығынан (ОДО), профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінен және арнайы мамандандырылған көмек бөлімшесінен (олар дәрігер мамандар: офтальмологтар, отоларингологтар, урологтар, хирургтер мен инфекционистер, аллергологтар және гастроэнтерологтар, невропатологтар, акушер-гинекологтар мен эндокринологтар, стоматологтар, сондай-ақ психолог, онколог, кардиолог, ревматолог, эпидемиолог, балалар нефрологы мен гематологы, жас өспірімдер қызметі мен ұйымдастырылған балалық бөлімшесі дәрігерлері), рентген бөлімшесі мен клиникалық-диагностикалық зертханадан, сондай-ақ физио бөлімшесі мен күндізгі стационардан, дәріханадан, онымен қоса, амбулаторлық хирургия орталығы мен Жастардың репродуктивтік денсаулығы орталығынан және Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жанындағы шақыру комиссиясынан тұрады.

Тұрғындарға қызмет көрсету ағымын, қозғалысын анықтамалық қызметтен, картотека және мед. тіркеушілер құрамынан тұратын тіркеу бөлімі ретке келтіреді.

Бүгінгі таңда емхана компьютерлік ретинальдық-когоренттік томографы, NewMillennumGrand лор-комбайны, Medison УДИ аппараты, цифрлік шығарылымдық қондырғысы бар «Simens» рентген аппараты, «Filips» маммографиялық аппараты, ФГДС колоноскопынан, ринофарингоскоптан тұратын бейне эндоскоптық құрылғысы, сондай-ақ бейне кольпоскоп, «Проматрикс» флюорографиялық аппараты мен жаңаша зертханалық жабдықтар, физиоаппаратура сияқты басқа да көптеген заманауи, қолайлы құрал-жабдықтармен жарақталған. Сонымен бірге күндізгі стационар, үйдегі стационар түріндегі стационардың орнын басатын технологиялар кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы біздің тұрғындарымызды емдеу, сауықтыру жолында сапалы медициналық көмек көрсетуге көптеп мүмкіндік береді.

Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында емханада ішкі аудит қызметі іске қосылған, негізгі жұмысы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапалығын бақылау, кейбір жайттарға түсініктеме беру және емхананың медицина қызметкерлерімен әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2012-2013 жылдар кезеңінде емхана төмендегідей марапаттаулардың иегері атанды

«Қазақстан даңқы» Ордені;
Еңбек етудегі «Тиімді қызметі үшін» Медалі;
«2013 жыл маманы» Ұлттық сертификаты;
Қазақстанның шаруашылық қызметі субъектілерінің тізімдерін толық ранжирлеу нәтижесінде ресми статистикалық деректерге сәйкес кәсіпорынға «2013 жылдың салалық көшбасшысы» құрметі атағы берілді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарының арасында ЭҚЖС 86.22.0 бойынша 5 үздігінің құрамына енді.
ҚР ДМ Грамотасы – 1;
ҚОДБ Грамотасы – 8;
Қарағанды облысы әкімінің Грамотасы — 4 адам;
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» Төс белгісімен — 2 адам;
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау кызметкерлері кәсіподағының үздігі» Төс белгісі – 1 адам;

Емхананың дәрігер мамандары төмендегідей құрамда қызмет етеді, оның ішінде

  • дәрігерлер құрамы – 94
  • орта медициналық қызметкерлер – 149

Дәрігерлердің жалпы құрамының ішіндегі біліктілік санатымен иемделгендерінің саны – 59 адам (жоғары санат – 20,  бірінші санат – 31, екінші санат – 8, жас мамандар – 13 адам), санаттылық пайызы – 72% тұрады.

Орта медициналық қызметкерлердің жалпы құрамының ішіндегі біліктілік санатымен иемделгендерінің саны – 69 адам (жоғары санат – 26,  бірінші санат – 23, екінші санат – 20, жас мамандар – 35 адам) санаттылық пайызы – 61 % тұрады.