«Қарағанды қаласының №1» емханасы КМК Қазақстан Республикасы тұрғындарына және оралмандарға, сонымен қатар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға амбулаторлық-емдеу көмегін көрсету үшін, кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде еркін тіркеу Кампаниясын өткізеді.
«Қарағанды қаласының №1» емханасы КМК жаңа 6 этажды ғимаратта орналасқан. Емхананың жоспарлық қуаты ауысымына 500 адамды құрайды.
Емхана Михайловка аумағын, 45 орамды, Жаңа базар ауданына қызмет көрсетеді (№ 3 отбасылық денсаулық Орталығы Ержанов көшесі, 4 үйде орналасқан).
Емхана қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған: қазіргі жаңа УДЗ аппараттары, бейне эндоскоптық қондырғысы бар ФГДС, колоноскоптан, ЛОР комбайны, компьютерлік ретинальдық-когоренттік томографы, цифрлік шығарылымдық қондырғысы бар рентген аппараты, цифрлік жаңа флюорографиялық аппараты, маммографиялық аппараты, ринофарингоскоптан тұратын бейне эндоскоптық құрылғысы.
Емхананың құрамында күндізгі стационар, заманауи жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған амбулаторлық хирургия орталығы мен медициналық оңалту және жеке емдеу бөлімі жұмыс жасайды.
Кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде бекітілген тұрғындарға қызмет тегін көрсетіледі: жалпы практика дәрігерінің, терапевтың, балалар дәрігерінің, бейінді мамандардың қабылдауы, стационаралмастыру көмегін алу (күндізгі стационар, үйдегі стационар, ЦАХ), диспансерлік тіркеуде тұрған емделушілерге кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрі-дәрмектерді алуға, үлкендерге және балаларға екпе жасауға, бұрын анықталған ауруларды профилактикалық және скринингтік қараудан өткізу.
Емханада әр-түрлі бағытта 8 денсаулық Мектептері жұмыс жасайды.
Тіркелу принциптерін білу керек:
Азаматтардың АМСК мекемелеріне тіркелуге өзгеріс енгізуі мына жағдайларда жүзеге асады:
Тіркелу үшін «Қарағанды қаласының №1» емханасы КМК, Ипподромная көшесі, 8 үй, №311 кабинет «а», Ержанов көшесі, 4, №40 кабинет -тіркеу бөліміне келуіңіз қажет.
Өзімен бірге жеке куәлік, балалар үшін туу туралы куәлік болуы керек.