Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27
  • «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №1 ЕМХАНАСЫ» КМК ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

    1. Поликлиниканың медициналық қызметкерлерінің этикалық ережелері, медициналық қызметкерлердің этикалық нормалары және  мінез-құлық  қағидасын белгілейтін жиынтық құжат болып табылады.
    2. Осы Ереже  медициналық қызметкерлердің, қоғам және емделуші арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, және адамның құқығын, қадір -қасиетін  және тұтасымен қоғам денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар  медициналық қызметкердің қоғам алдындағы өз қызметіне моральдық жауапкершілігін анықтайды.
    3. Ережедегі басты нәрсе қоғамда мамандыққа деген оң көзқарас қалыптастыру, ұжымда әрбір қызметкерге көмектесу, әріптестер мен емделушілерге «дұрыс»  мінез-құлық шеңберінде қарым-қатынас көрсету болып табылады.
    4. Медициналық қызметкерлер   өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде этикалық ережелерді басшылыққа алулары қажет.

    1.  Медициналық қызметкер және қоғам

    1. Медициналық қызметкердің кәсіби қызметіндегі басты мақсаты- адам өмірін сақтау, аурудың алдын алу және денсаулықты қалпына келтіру, сонымен қатар жазылмайтын дауасыз аурулардың азаптарын азайту. Медициналық қызметкер өз міндеттерінде Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын,  Қазақстан Республикасының заңдарын, адамгершілік пен мейірімділік қағидаларын басшылыққа алады.
    2. Медициналық қызметкер өз шешімдері мен іс-әрекетіне толық жауап береді, сондықтан ол жүйелі түрде өз кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруға міндеттті.
    3. Медициналық қызметкер дәрі-дәрмек тағайындаған кезде дәрігерлік көрсеткіштерді басшылыққа алады және тек қана емделушінің мүддесіне орай, дәлелді медицина қағидаларын негізгі алады.
    4. Медициналық қызметкер кез келген көмек қажет еткен адамға, оның жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтығына және басқа медицинаға жатпайтын факторлеріне қарамай, материалдық жағдайын қоса, шұғыл  медициналық көмек көрсетуге үнемі дайын болуы керек. Жарлы, ауқатсыздарға ақысыз қызмет ұсыну әдепке жатады және ақталады.

    5. Медициналық қызметкер және емделуші.

    1. Медициналық қызметкер емделушінің абыройы мен қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның туысқандарына ұқыпты қарап және төзімділік көрсетуі  қажет. Емделушіге дөрекілік пен адамгершілікке жатпайтын қылық көрсетуге, оның адамдық қасиетін төмендетуге, сонымен қатар кез келген үстемдік жасауға немесе басқа бір емделушіге артықшылық көрсетуге немесе кемсітуге медициналық  қызметкерге жол берілмейді.
    2. Медициналық қызметкер  емделушіге  көрсететін медициналық көмектің сапасына жауап береді. Ол өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарын (медициналық стандарттар) басшылыққа алуға міндетті, бірақ осы нұсқамалар шеңберінде аурудың ерекшелігі ескеріледі, аурудың мүддесін көздей отырып, әрбір нақты жағдайда профилактиканың, диагностиканың және емдеудің ең тиімді деп саналатын әдістері таңдалады. Қажет болған жағдайда  медициналық қызметкер өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.
    3. Медициналық қызметкер емделушінің дәрігерді, мекемені таңдау құқын сыйлауы және емдеу -профилактикалық шаралар жүргізуге шешім қабылдауға қатысуы қажет.
    4. Медициналық қызметкер емделушінің ары мен қадір-қасиетін сыйлауға, оған ізгі ниетпен қарауға, оның жеке құпиясы құқығын сыйлауға, аурудың жағдайына алаңдаған жақындары мен туысқандарына түсіністікпен қарауға міндетті, бірақ, сонымен қатар ол кәсіби себепсіз аурудың жеке ісіне, оның отбасының шаруасына араласуына болмайды.
    5. Емделуші,  медициналық қызметкерге сеніп тапсырған барлық медициналық жеке ақпаратты құпияда сақтайды деп есептеуге құқылы. Медициналық қызметкер емделушінің рұқсатынсыз немесе оның заңды өкілінсіз ауруды тексеру және емдеу барысындағы мәліметті, дәрігерлік көмекке келу дерегін қоса, жариялауға құқы жоқ. Медициналық қызметкер дәрігерлік құпияны жариялауға жол бермеу үшін шаралар қолданылуы керек. Емделушінің қайтыс болуы  дәрігерлік құпияны жарияламау міндетінен босатылмайды. Дәрігерлік құпияны жариялауға Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген жағдайда ғана жол беріледі.

    II.  Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы.

    1. Медициналық қызметкер өзін кәсіби мамандыққа үйреткен адамға деген сыйластығын және алғысын өмір бойы сақтауға міндетті.
    2. Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы өзара сыйластықпен, сеніммен құрылуы қажет және  емделушінің мүддесін сақтаудан айырмасы болады.
    3. Медициналық қызметкер әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, ақ пейіл, парасатты болуы қажет, олардың білімдеріне және тәжірибесіне құрметпен қарауы, сонымен қатар оларға тәжірибесі мен білімін риясыз тапсыруға дайын болуы қажет.
    Пікір жазу →

Пікір жазу

Күшін жою