Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27
  • Шақырылмаған қонақ.  Жүкті әйелдердің тұмаумен ауруы

    Қыс негізінен суық тиіп ауыратын маусым болып саналады, оның ішінде тұмау, ең залымы. Ол болашақ анаға несімен қауіпті және «қызықты жағдайдағы» оны емдеу ерекшелігі қандай?

    Тұмау –  ол асқынған жоғары контагиоздық ауру, ауа-тамшы жолы арқылы беріледі және А,В және С вирустарымен келеді. Тұмау — ыстығының көтерілуі, тыныс алу жолдарының уыттану симптомдары және сілемейлі қабықшалардың  қабынуымен сипатталады.

    Жүктіліктің соңғы айларында және босанар алдында жүкті әйелдер жұқпалы ауруларға тұрақтылығы төмен болады, сондықтан тұмаумен ауруға жақын тұрады.  Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін, тұмау жұқпасы әсерінен жүкті әйелдің ағзасының қарсықарымдылығы күрт төмендейді, эндокринндік және иммундық жүйелер қызметі бұзылады, ол созылмалы ауруды белсендіруге себеп болады (тонзиллит, пиелонофрит және т.б.) .

    Аурудың инкубациялық кезеңі қысқа – бірнеше сағаттан бастап 1-2 күнге дейін.

    Аурулардың басым көпшілігінде тұмау асқынып басталады, ыстығы тез жоғары көтеріледі. Ең жоғары қызу (39-40 С) алғашқы екі күнде байқалады, сосын тез төмендей бастайды. Дене қызуының көтерілу ұзақтығы әдетте 2-4 күннен аспайды. Кейбір аурулардың қызуы түскен соң 1 -2 күннен  кейін қайтадан 1-2 күнге көтерілетіні байқалады (тұмаудың екінші толқыны) келеді. Қызуы көтерілумен қатар бас ауруы басталады, басы айналуы, көздері қозғалған кезде ауруы, іші ауруы, жүрегі айнуы, құсу (бір реттік жиірек) ұйқының бұзылуы – тұмаумен алғашық тәулікте ауырғандағы тұрақты белгілері сипаты.  Тұмаумен ауырған адамға тән сыртқы келбеті: ісіп-кебіну, күрт бозару, кейде беттің ағаруы; мұрын-еріндік үшбұрышта және еріндегі цианоз (көкшіл түс).

    Тұмаудың вирусы іштегі нәрестеге қалай әсер етеді ? 

    Мұнда көптеген нәрсе жүктіліктің мерзіміне байланысты. Сонымен,  жүктіліктің алғашқы үш айында (12 апта), ішкі органдар қарқынды жетіле бастағанда, вирустың ықпалы  іштегі нәрестенің органдары және  жүйесінің қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Кеміс дамуға тәуекелдік туындайды және тіпті  іштегі нәрестенің құрсақта өліп қалуы да мүмкін. Тұмау вирусы эмбрионның нервтік тін жүйкесіне көбірек әсер ететіні, орталық нерв жүйесіне ақау келтіретіні туралы мәлімет бар.

    Жүктіліктің ең соңғы мерзімдерінде вирус  іштегі нәрестеге жұқтыруына қабілетті,  жүктілікті қолайсыз өтуіне әкеп соғады және жүктілікті тоқтату қаупін тудырады, бірақ бірінші үш айлыққа қарағанда аздау.

    Жаңа туған балалар және құрсақ ішінде тұмаудың вирусын жұқтырған жас балалардың бейімделуін зерттегенде, олардың 60% дамуында қалыптан ауытқу бар екенін көрсеттті. Көптеген балалардың тістерінің кеш шығуы, эндокринндік бұзылушылық, тері -аллергиялық аурулар, жаңа туылған кезеңде АҚЖА, вирустық жұқпа фонында өкпе қабынуы  болатыны байқалды.

     

    Тұмаудың диагностикасы

    Диагнозды көбіне клиникалық сипаттар белгілері негізінде қояды, бірақ диагноз қою қиындық туғызған жағдайда аурудың сипаты зерттеудің қосымша әдістерінің көмегімен анықталуы мүмкін. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде тұмаудың диагнозын нақтылау үшін жұқтырылған материалдан вирустік антиденені табу үшін флюоресценциялайтын (жарқылдайтын) антидене әдісі қолданылады ( дәрігер зерттеу үшін мұрыннан және  аңқа сүртіндісін алады).

    Тұмауды емдеу

    Тұмаумен ауырған жүкті әйелді емдеу, үй жағдайында жүргізіледі. Міндетті түрде учаскелік дәрігерді шақырыңыз.

    Ауруды төсек режимімен қамтамасыз ету керек.  Үй-жайды желдету ( мүмкін болса сағат сайын), үйді жиі жуып отыру, тұмаумен ауырған адамның ыдысын қайнаған сумен шайып отыру қажет.

    Жүкті әйелге ұтымды тағаммен қамтамасыз ету керек, диета толыққанды және витаминдерге бай болуы керек. Лазымы ас тұзы шектелген сүт- көміртекті тағамдар (қышқыл-сүт тағамдары ұсынылады). Ісік болмаса көбірек сұйықтықтар ішу (морс, компот, жеміс-жидек шырындары және т.б.) ұсынылады. Олар  ағзадан токсиндерді шығару үшін қажет.

    Бірінші ауырған күннен бастап немесе стационарға түскеннен бастап  бактерияға қарсы препараттармен тамифлю алу керек (150мг/тәул.), ал АҚВЖА -мен ауырған басқа жүкті әйелдер- тәулігіне 200 мг арпетол 2-4 рет аурудың АҚВЖА симтомына байланысты алуы керек.  Жоғары дене қызуы кезінде (38грС) және айқын ауру синдромы болғанда (бас ауруы, бұлшық ет ауруы) ПАРАЦЕТОМОЛ ұсынылады. Бірақ ыстық түсіретін жабдықтарды артық пайдалану керек емес- оларды 4-6 сағаттан жиі қолдануға болмайды, қабылдау санын тәулігіне 4 ретке дейін шектеу қажет. Сол жағдайда дене қызуының көтерілуі тұмау вирусын тезірек өлтіруге әсер ететінін ескеру керек.

    Тамақты шаю үшін  ФУРАЦИЛИН ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Дәріханадан дайын ерітіндні алып және оны 1:2 есебінен араластыруға болады (жарты стакан ерітінді жарты стакан су), сонымен қатар ас содасымен де – 1 шай қасық ас содасын бір стакан суға араластырып шаюға болады.

    Мұрын бітелгенде, тамыр тарылтатын тамшыларды қолдану қажет.  Жөтелге қақырық түсіретін микстура тағайындалады.

    Антибиотиктер барлық ауруларға көмектеседі, егер препарат «күшті» болса, сонысымен жақсырақ деген теріс пікір қалыптасқан. Өз бетімен антибактериялық құралдарды қолдануға болмайды! Тұмаумен ауырған кезде антибиотиктерді қолдану тіптен ұтымды емес, вирустерге антибактериялық құралдар әсер етпейді, өйткені жасуша дәнінде орналасқанда- вирустарды антибиотиктер ала алмайды. Антибиотиктерді тек ғана дәрігер тағайындайды, және олар тек тұмаудың бактериялық асқынған уақытында, бронхит, пневмония, гайморит, энцефалит кезінде қажет.

    Жүкті әйелді госпитальға жатқызу аурудың өте ауыр түрінде жүргізіледі:

    * асқынған кезде (пневмония, нерв жүйесінің зақымдануы және т.б.);

    * қосарласқан аурудың өршіп кеткен кезінде (созылмалы пневмония, созылмалы тонзиллит, пиелонефрит, жүрек-қантамырлары аурулары  және т.б. );

    *  үй жағдайында жақсы күтім және қажетті санитарлық тәртіп  қамтамасыз етілмесе.

    30 аптаға дейінгі мерзімдегі жүкті әйел  пневмонияға күдікті болса ОКА пульмонология бөлімшесіне,  пневмонияға күдігі жоқ болса, ОЖА немесе көпсалалы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне  жатқызылады.  30 аптадан асқан мерзімдегі жүкті әйел  пневмонияға күдікті болса ОКА-ға, пневмонияға күдігі жоқ болса,  босанатын әйелге жәрдем беретін ұйымға аймақтық деңгейіне сәйкес (оқшау бөлмеге) ИЗОЛЯТОРҒА жатқызады.

    Егу туралы

    Екпе жасау тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі болып табылады. Індет кезінде медициналық ұйымдарда өз ерімен жасалады. Қазіргі уақыттағы егулер белсенділігі жойылған (өлтірілген) тұмау вирусы, сондықтан ол анаға да балаға да қауіпсіз. Бірақ, сіздің жүктілік мерзіміңіз 14 аптадан кем болса, онда  тұмаудан екпе  жасатуға болмайды!

    Пікір жазу →

Пікір жазу

Күшін жою