Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27
  • Иммундық-ферменттік талдау саласындағы зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау

    2014 жылдың 2 желтоқсанында зертхана меңгерушісі Попова Е.Н және ИФТ диагностикасының зертхана дәрігері Нестерович Л.И. В гепатиті (HbsAg) бөлімінде иммундық-ферменттік талдау саласындағы зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау мәселелері бойынша өткен семинарға қатысты.

    Семинарда Новосибирск қаласының «Вектор-Бест» ЖАҚ-ның «Сапалықты сыртқы бақылау бағдарламасына» қатысумен бірге, онда ұсынылған бақылау материалдарын пайдаланумен көптеген жұмыстар жасалды. Жасалған талдаулардың сапалығы жоғары деңгейде болды, бақылау үлгілерін зерттеудің нәтижелеріне оң баға беріліп, ол артынша бағдарлама қатысушыларына берілген сертификаттармен расталды.

    2014 жылдың екінші жартыжылдығында зертхана-диагностикалық бөлімшесінде арнайы фильтрмен центрифугирлеу арқылы ішек құрттарын концентрациялауға арналған Parasep концентраторын пайдаланудың формалин-эфирлік модификациялау әдісі сыналып, қолдануға берілді.

    Фильтрлік концентраторды пайдалану барысы ішек құрттары қоздырғыштарының көбеюіне, реагенттердің шығынының азаюына және медициналық қызметкердің тексеріске алынған үлгілермен қатынаста болмауына байланысты контаминациялау қаупінің азаюына, сондай-ақ зертханашының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

    Пікір жазу →

Пікір жазу

Күшін жою