Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27
  • БҰЛ НЕ?

    «Медициналық күнделік» сервисі арқылы пациенттер медициналық қызметке, оның ішінде қабылдауға алдын-ала жазылу мүмкіндігі бар медициналық ұйымды, дәрігерді іздеу, емделушінің денсаулығына байланысты артериялық қан қысымы, қандағы қанттың құрамы мен деңгейі сияқты көрсеткіштерді білу үшін күнделік жүргізіп отыру, сонымен қатар медициналық құжаттардың электрондық көшірмесін (талдау нәтижелерінінің, диагностикалық зерттеулердің, көшірмелер мен эпикриздердің) сақтау сияқты электрондық сервистерді кешенді пайдалана алады.

    «Медициналық күнделік» сервисіне қатынау ТЕГІН және ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ dmedlkp.ezdravkrg.org адресі бойынша КЕЗ КЕЛГЕН ПАЙДАЛАНУШЫ ҮШІН ҚОЛ ЖЕТІМДІ!

    Осы аталған мүмкіндіктерге емделушінің өзі де, оның отбасы мүшелері де ие бола алады, ол үшін емделуші өзінің жеке кабинетінде қалауы бойынша отбасы мүшелерін тіркеуі қажет.

    ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУ КЕРЕК?

    Ол үшін ең алдымен Сіздің жеке электрондық поштаңыз болуы керек, тіркеуді растау жөніндегі хабарлама электрондық поштаңызға келіп түседі. 

    1 әдіс (қандай-да бір әлеуметтік желілерде, қолданылып жүрген аккаунт арқылы):

    1. Сіз тіркелу үшін алдымен басты бетте көрсетілген, өз қалауыңыз бойынша бір әлеуметтік желіні таңдайсыз, одан кейін сәйкесті батырманы басасыз;
    2. Әлеуметтік желіге кіру үшін логин және пароль енгізесіз;
    3. Тіркеу түрінде автоматтық түрде толтырылған деректерді салыстырып тексеру керек. Ақпарат толтырылмаған жерлерді толтырып, «Тіркелу» деген батырманы басу керек;
    4. Сіздің поштаңызға автоматты түрде тіркеуді растау жөнінде сілтеме берілген хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін, онда көрсетілген сілтемені басу арқылы Сіз өз атыңызбен сайтқа ене аласыз.

    2 әдіс («Тіркелу» батырмасы арқылы):

    1. Басты беттегі «Тіркелу» деген батырманы басасыз;
    2. «Сайтқа тіркелу» беті ашылғаннан кейін, ондағы толтыруға міндетті жолдардың барлығын толтырасыз да, «Тіркелу» деген батырманы басасыз;
    3. Сіздің поштаңызға автоматты түрде тіркеуді растау жөнінде сілтеме берілген хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін, онда көрсетілген сілтемені басу арқылы Сіз өз атыңызбен сайтқа ене аласыз.

    Тіркелу уақыты бар болғаны 1-2 минут!

    Пайдаланушының жұмысын жетекшілік етуді толығымен  dmedlkp.ezdravkrg.org сайтында көре аласыз.

    step1

    Екінші бет

    УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖАЗЫЛУ

    1. Сайттың басты бетінде жаңа пайдаланушылар тіркеуден өтулері керек, ал  логин және паролі бар пайдаланушылар авторизациядан өтулері керек.
    2. «Қабылдауға жазылу» бөлімін таңдау керек.
    3. Жұмыс кестесін іздеу тарауында, егер де Сіз емханаға бекітілген болсаңыз, онда қызметтердің түрлері – Учаскелік дәрігердің қабылдауы/Терапия/Бекітілген медицина ұйымы/ — автоматты түрде шығады.
    4. Күнтізбеде қабылдау күні мен уақытын өз қалауыңыз бойынша таңдайсыз. Сол жағыңызда дәрігерлердің қабылдау уақыттарының кестесі пайда болады.
    5. Кесте ішіндегі ұяшыққа басып, өз қалаған  уақытыңызды таңдайсыз.
      step6
    6. Алдыңызға шыққан «Қабылдауға жазылу» жазбасын ашасыз да, «Дәрігерге жазылу» батырмасын басасыз.

    Қабылдауға жазылу уақыты бар болғаны 1-2 минут!

    Емхананың  www.poliklinika1krg.kz сайты арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға және дәрігерді үйге шақыруға да болады.

    step7

    Пікір жазу →

Пікір жазу

Күшін жою