Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
55-91-27
Сенім телефоны
50-28-27
  • Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.

    1. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.
    2. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
    3. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы.
    4. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.
    5. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету

    ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Зәрді ұстай алмайтын науқастар өздерінен сезінетін жағымсыз иістен қысылып, зәр қабылдағышты үнемі қолдану қажеттілігінен қолайсыздық сезінеді. Сондықтан ол қоғамнан бас тартып, әлеуметтік оқшаулануда болады.

    Сіздің іс- әрекетіңіз:

    1. Әрқашан орнықты, мейірімді , шыдамды болу.
    2. Дезинфекция мен күтімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда иістің болмайтындығын науқасқа түсіндіру.
    3. Өзінің күйіне бейімделген басқа науқаспен таныстыру .

    Кейде зәрдің жіті тоқтап қалуы бар науқастардың мәселесі бөтен адамдардың болуымен , олардың ұялумен түсіндіріледі. Сіз :

    1. Ұялшақ науқасқа өзіңіздің шыдамсыздығыңызды, ашуыңызды көрсетпеу.
    2. Палатада науқасты уақытша жалғыз қалдыру .

    з. Науқасты психологиялық қолдау.

    КАТЕТЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУЫПСЫЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

    1. Ер адамдарды катетерлеуді қатты және жартылай қатты катетермен дәрігер өткізеді.
    2. Егер катетерді салған кезде бөгет сезілсе, оған күш салып өткізуге болмайды, себебі зәр шығару каналын жарақаттау мүмкіндігі бар. Катетерді аз ғана кейін тартып, қайта салып көрген жөн. Нәтижесіз әрекеттерде, катетерді енгізуге болмайды, оны дәрігерге айту керек.
    3. Асептиканың барлық ережелерін сақтау қажет, өйткені зәр шығару жолдарынан шырыштысының шеттері инфекцияға өте бейім.

    ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУІ

    Зәрдің бөлінуін ұстамау және ұстай алмауын ажыратады. Зәрді ұстамау — зәр қуықтан әрдайым тамшылап немесе анда – санда білінбей тамып кетеді, өз бетімен бөлінеді.

    Зәрді ұстай алмау — зәр шығаруға сезімі бар, бірақ науқас зәр шығаруды өз бетімен ұстай алмайды.

    ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУДЕГІ МАНИПУЛЯЦИЯСЫ

    1. Зәр қабылдағышпен резеңке дәрет ыдысын беру .Төсектік тәртіптегі ер адамға төсегіне шыны зәр қабылдағыш қояды, ол әрдайым аяқ арасында болады. Әйел адамдарға резеңке дәрет ыдысы беріледі (ер адамдарғада қолдануға болады ). Резеңке дәрет ыдыс ойылудың алдын — алудағы шеңбер ретінде қолданылуы мүмкін. Резеңке дәрет ыдысының шеттерін алдын — ала шүберекпен орау қажет (резеңке беткейі терімен жанаспас үшін ). Егер зәрді ұстай алмайтын науқас төсек тартып жатпаса ол қозғалысқа бөгет болмайтын бөксеге белбеуімен бекітілетін арнайы арнайы зәр қабылдағыш қолданылады. Мейірбике зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысының толуын қадағалап, уақытымен босатып отыруы қажет.
    2. Зәр қабылдағышпен дәрет ыдысының дезинфекциясы . Зәр қабылдағышты қолданған соң ішіндегі зәрді төгіп, оны сумен шаяды. Зәрдің иісін жою үшін зәр қабылдағышты 1 рет калий марганец қышқылын немесе тұз қышқылының әлсіз ерітінділерімен шаяды.
    3. Төсекті дайындау. Төсек тартып жатқан және зәрді ұстай алмайтын науқастардың төсегінде ақ жайманың астында клеенка жатады, ол өз алдына матрасты ластанудан сақтайды. Мүмкіндік болса, арнайы матрас қолданылады, оның ортасында ыдысқа арналған арнайы тесік бар.
    4. Терінің күтімі: науқастардың шат арасын жуу. Тері зәрдің үнемі әсерінен тітіркенеді, қабынады. Сондықтан тәулігіне 6 реттен кем емес науқасты жуындырып отыру керек. Шат арасын жуғаннан соң, теріге вазелин немесе вазелин майын, Лассар пастасын жағады. Жуу үшін марганец не фурациллин 30-35 º С –қа дейін жылытылған әлсіз еретіндісін қолданады.
    5. Ойылудың алдын — алу. Зәрді ұстамайтын науқастарға мейірбике ойылудың алдын – алу шараларын толық көлемде жүргізуге тиісті.
    6. Киімін ауыстыру . Төсекпен киімді ластануына қарай

    ІСІКТЕРДІ АНЫҚТАУ

    Бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары кезінде ағзада сұйықтың көзге көрінбей бөлінуі мүмкін. Ағзадағы жасырын ісіктер дене салмағының күрт үлкеюі мен зәр мөлшерінің төмендеуімен білінеді. Жасырын ісіктер науқастарды жүйелі түрде өлшеп отыруы керек. (3 күнде 1 рет ) . Бір уақытта , әрқашан бір киімде , таңертең аш қарынға ішекті және қуықты босатқан соң өлшеген жөн . Дене салмағының 100-200 грамға артуы жасырын ісік барын көрсетеді .

    Ісіктің анықтаудағы маңызды шара — су баланысын анықтау. Су баланысын анықтау үшін мейірбике күн сайын тәулік бойы бөлінген зәрдің мөлшері мен ішкен, басқа жолдарымен ағзаға енгізілген сұйықтық мөлшерін салыстырады. Бөлінген зәрдің тәуліктік мөлшері тәуліктік диурез деп аталады.

    Егер бөлінген зәрдің мөлшері құйылған сұйықтық 70-80% құраса, ол қалыпты жағдай болып есептелінеді. Су баланысын тепе – теңдік қалыпта . Мысалы: 1 литр сұйық ішкендегі тәуліктік диурез 800 мл.

    1000мл . -100%

    800мл. – х %

    х = 80 %

    Егер зәр аз мөлшерде бөлінсе, сұйықтық ағзада жинақталады дегенді білдіреді. Егер керісінше зәр көп бөлінсе, онда бүйрек арқылы сұйықтықтың шығуы қатты деген сөз ( зәр айдайтын дәрілерді емдейді) .

    СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ

    ІС -ӘРЕКЕТ алгоритмі :

    1. Этикеткасы бар, таза, құрғақ 3 литрлік шыны ыдыс дайындаңыз.

    Бөлімше палата,  Тәуліктік диурез, Емделушінің аты – жөні,  Күні қолы

    2.Таңғы сағат 6,00 науқасты оятып, зәр шығаруын сұраңыз. Алынған зәрді төгеміз (ол саналмайды).

    1. Тәулік бойы бөлінген зәрді (келесі күннің таңғы сағат 6,00 дейін) банкаға жинайсыз немесе науқасқа түсіндіресіз. Зәрді бар банканы салқын жерде ұстаймыз.
    2. Тәулік бойы ішілген сұйықтықтың, тағамдардың, жеміс – жидектердің, әрі порентералды енгізілген ерітінділердің мөлшерін жазып отырып қосыңыз. Жеміс – жидек түрінде ішілген сұйықтық мөлшері олардың салмағына сәйкес .
    3. Тәуліктік диурез және тәулік бойы ішілген сұйықтық мөлшерінің науқастардың емделу қағазына жазыңыз.

    ЗӘРДІҢ ЖІТІ ТОҚТАУЫ

    Операциядан немесе босанудан соң бірінші күндері, жарақаттардан соң дамуы мүмкін. Жиі зәрдің жіті жүрмеуі сау адамның ыдыспен қолдану қажеттілігіне психологиялық реакция ретінде дамиды. Ең алдымен мейірбике зәр шығарды рефлекторлы түрде шығаруға тырысады. Бөлмеден бөтен адамдарды шығарып, емделушіні шыдамдылықпен бөледі. (дәрігердің рұқсатымен ) науқасты көлденең жағдайдан ыңғайлы жағдайға отырғызу , су бар кранды ашу, жыныс ағзаларын жылы сумен шаю. Қуық үстіне жылы жылытқыш салу — осы шаралар рефлекторлы зәр шығаруы мүмкін .

    Осы шаралар нәтижесіз болған жағдайда дәрігердің тағайындауымен қуыққа катетерлеу өткізіледі.

    ҚУЫҚТЫ КАТЕТЕРЛЕУ

    Қуыққа катетер салу уретралды катетер көмегімен жүргізіледі. Уретралды катетер — зәр шығару каналына түтікше салу.

    КАТЕТЕР ТҮРЛЕРІ

    -резеңке (жұмсақ) , темір (қатты), эластикалық (жартылай қатты ). Резеңке катетер — ұзындығы 25-30 см, диаметрі 0,33 – тен төмен 10мм дейін болатын резеңке түтікше. Катетердің соңы жабық, жанында сопақ тесігі бар.(нелатон катетері ). Тиманның темір катетері соңында иілген тұмсығы бар. Темір катетер ұстағыш , өзек және тұмсықтан тұрады. Егер ер адам катетерінің ұзындығын 30см , әйелдердікі 12-15см, кішкене иілген тұмсығы бар.

    КАТЕТЕРЛЕУГЕ КӨРСЕТУЛЕР

    -зәрдің жіті тоқтауы ;  -қуықты жуып шаю;  -қуыққа дәрәлер енгізу ; -басқа жол болмаған жағдайда зәрді тексеруге алу.

    ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР

    -зәр шығару каналының жарақаты .

    КАТЕТЕРЛЕРДІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ

    Катетерлерді қолданғаннан кейін залалсыздандыру алдындағы өңдеудің бірінші үш кезеңінен өткізеді, содан срң ОЗБ тапсырады. Залалсыздандыру тәртібі : 1,1 атм (автоклавта ), 120 ºС , 45 минут ұстайды .

    ҚУЫҚТЫ ЖУУ

    Қуықты дәрігердің белгілеуі бойынша қуықтың қуықтың қабынған ауруларында аппаратпен тексерерде (цистоскопия ) жуады.

    Қарсы көрсеткіштер : қуық катетерлеріндегідей.

    НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ

    Процедура алдында катетерлеудегідей сыртқы жыныс мүшелерін тазалау өткізіледі. Процедураны өткізуге тағы да сол құралдар қажет , залалсыздандырылған Жане шприці 37ºС – қа дейін жылытылған антисептикалық ерітінді (0,02 % фурацилин ерітіндісі, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі, 0,1% риванол ерітіндісі ).

    ҚУЫҚТЫ ЖУУ

    ІС -ӘРЕКЕТ алгоритмі :

    1. Қуықты катетерлеңіз . Зәр шыққан соң катетерді қозғамаңыз .
    2. Жане шприцінің көмегімен катетер арқылы 150-200 мл жылы (37-38 ºС ) антисептик ерітіндісін енгізіңіз.
    3. Катетерден Жане шприцін босатыңыз.
    4. Қуыққа енгізілген сұйықтық төгіледі:
    5. Процедураны (п.2.3 ) шығатын сұйықтық тазарғанша қайталаңыз.
    6. Катетерді шығарыңыз.

    Ескерту ! Жуылған сұйықтық 1: 1 қатынасында 10 % хлор ерітіндісінде 60 минут бойы залалсыздандырылады.

    15

    Пікір жазу →

Пікір жазу

Күшін жою