Қарағанды қаласының

№1 емханасы

Қаз     Рус

Навигация
Анықтама
41-58-97
Дәрігерді үйге шақыру
55-91-27
35-97-00
  • Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

     «Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы» ММ  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіні жөнінде хабарлайды.

    Барлық ел азаматтары, мемлекет пен жұмыс берушілер – Денсаулық сақтау саласында ортақ жауапкершілікте болады.

    Осыған байланысты Сіздерге хабарлаймыз:

    • әрбір азаматқа медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакеті (ТМККК пакеті) шеңберінде медициналық көмек қолжетімді болады.
    • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінтөлеушілер үшін ТМККК пакетінен тыс алуға кепілдік берілген: диагностиканың қымбат тұратын әдістерін (зертханалық зерттеулер, компьютерлік және магниторезонанстық томография), жоғары технологиялық операциялар, оңалту медициналық көмек.

    Жарналары мемлекет төлейтін тұлғаларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:

    1) балалар;

    2) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

    3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

    4) үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) ;

    5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

    6) мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін тұлғалар;

    7) бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;

    8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

    9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда);

    10) тергеу изоляторларында отырған тұлғалар;

    11) жұмыс істемейтін оралмандар;

    12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

    13) мүгедектер;

    14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар;

    15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

    Көңіл аудару керек:

    1. Егер Сіз, тұрақты табысы жоқ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекет төлейтіназаматтардың жоғарыда көрсетілген жеңілдікті санаттарының тізіміне кірмесеңіз, онда медициналық қызметтердің толық пакетін алу үшін Сізге бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі — БЖТ) екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке дербес салуыңыз қажет.

    Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері (БЖТ) қала тұрғыны үшін 1 ең төменгі есептік көрсеткішті (2 525 теңге), ауыл тұрғыны үшін 0,5 ең төменгі есептік көрсеткішті (1 263 теңге) құрайды.

    1. Егер Сіз, шаруа қожалығының иесі болсаңыз, аударымдарды төлеу маусымдық қызметкерлер үшін олардың жұмыс істеген кезеңінде жүргізіледі. Өзі үшін ЖК ретінде, қызметкерлер үшін – жұмыс беруші ретінде, Қазақстан Республикасы Еңбек шартының 30-бабының 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес еңбек шарты маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалады.

    Еңбек шарттарының мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің назарына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде төлемдерді (жарналарды) жеке дербес енгізу қажеттілігін жеткізу маңызды.

    1. Барлық азаматтар үшін:

    — Сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының төлем тарихын e-gov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көріп тексере аласыз.

    — Сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала аласыз.

    Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз:

    1414-Call-орталығы, тәулік бойы, Қазақстан бойынша кез келген телефоннан қоңырау шалу тегін.

    8 (7212) 955-559 Қарағанды облысы денсаулық сақтау Басқармасының Call-орталығы, қоңыраулар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс).

    3

    Пікір жазу →