Зертхананың жұмыс кестесі (Ипподром көшесі, 8 мекен-жайы бойынша бірінші қабатта, №111,112 кабинетерде)
Күн сайын 8.00-ден 17.00-ге дейін
Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін
Жексенбі — демалыс
Емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша жасалатын биоматериалдар жұмыс күндері сағ. 08.00-ден 11.00-ге дейін қабылданады (қан №112 каб., несеп, нәжіс, қақырық №112 каб.).
10.00 -12.00-ге дейін саңырауқұлақ флорасының биоматериалын зерттеу (112 каб.)
10.00 -16.00-ға дейін медициналық тексеруден өтуге микрореакцияны және қан тобын тексеруге қан алу (112 каб.)
Зертхананың филиалы (Ержанов көшесі, 4 мекен-жайы, №9, 5 кабинеттер)
Күн сайын 08 – 16.30-ға дейін
Сенбі, жексенбі күндері – демалыс
Емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша жасалатын биоматериалдар жұмыс күндері сағ. 08.00-ден 11.00-ге дейін қабылданады (қан №9 каб., несеп, нәжіс, қақырық №5 кабинетте)
Пациенттердің ағымын реттеу және уақытты создырмау мақсатында тамырдан қан алуға берілген жолдама қолда болған уақытта пациент жалпы қанға, микрореакцияға, қан тобына, қан пен холестеринге бірден тексерілу үшін №514 кабинеттен өтуіне болады.
Бір жасқа дейінгі балалар мен мүгедек жандарға кезектен тыс қызмет көрсетіледі. Зерттеуді орындау мерзімі биоматериалды зертханаға әкелген күннен бастап 1 жұмыс күні ағымында, ал иммуноферменттік зерттеулер биоматериалдардың жиналуына байланысты 7 жұмыс күні ішінде орындалады.
Зерттеу қорытындылары зерттеуге бағыттаған дәрігерге беріледі, қорытындыны пациенттің қолына беруіне рұқсат етілмейді.
Зертханада 6 бөлім бойынша шамамен 60 түрлі зерттеулер жасалады, оның ішінде басты зерттеу түрлері:
Гематологиялық:
- жалпы қанның талдауын 10 және 18 параметрлері бойынша гематологиялық талдауышта анықтау;
- СОЭ анықтау;
- лейкоцитарлық формуланы есептеу, тромбоциттер мен ретикулоциттердің саны.
Биохимиялық:
- портативтік талдауышта қандағы қанттың құрамын анықтау;
- портативтік талдауышта жалпы холестериннің құрамын анықтау.
Жалпы клиникалық зерттеулер:
- автоматтық талдауышта несептің жалпы талдауы жасау;
- Нечипоренко және Земницкий әдісімен несепті талдау;
- нәжісті ішекқұрт жұмыртқаларын, жасырын қанды тексеру;
- қақырықтың жалпы талдауы.
Коагулогиялық зерттеулер:
- қанның ұю жүйесіне әсер ететін скринингтік тестілер (ПТИ,МНО, АЧТВ, Фибриноген, РФМК).
Иммунологиялық зерттеулер:
- қан тобы мен резус — факторды анықтау;
- микропреципитацияның сифилиске реакциясы;
Иммундық-ферменттік талдаулар:
- G и М класының, В және С гепатиті вирусының иммуноглобулиндерін анықтау;
- Toxso G и М класының иммуноглобулиндерін анықтау.
Цитологиялық зерттеулер:
- әйел сүртінділерін онкоцитологияға тексеру;
- эндоскопиялық материалды цитологиялық зерттеу;
- Хеликобактерға гастроскопиялау кезінде алынған сүртінділерді цитологиялық зерттеу.
Зертхана жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, қант диабеті мен колоректалдық оба, жатыр мойнағының обасы аурулары бойынша тұрғындарды скринингтік тексеру бағдарламаларына қатысады.